Мақсатты әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалады?
- Мақсатты әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады (төлем өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады), барлық отбасы мүшелері үшін, кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде (кедейлік шегі – 70% тұрмыс деңгейінің минимумынан, яғни 23 112 теңге);
- Мақсатты әлеуметтік көмек алу құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтындар.