Абай облысы Үржар ауданы Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты
«Абай облысы Үржар ауданы Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады
Жаңалықтар
Құжаттар
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның тұрақтылығына және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне кері әсерін тигізетін күрделі әлеуметтік мәселе. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен жағдайларын жою және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру – Қазақстан Республикасының маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бағыттағы негізгі құқықтық құжаттардың бірі – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық негіздерін белгілеп, оның алдын алу мен оған қарсы күрестің негізгі бағыттарын айқындайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпкерлердің және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Әсіресе мемлекеттік қызметте заңдылықты сақтау, ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін әділ қарау және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау ерекше маңызға ие. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін қызмет көрсету үдерістерін ашық ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, шешім қабылдау кезінде заң талаптарын қатаң сақтау және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қажет. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын сақтап, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық, әділдік және жауапкершілік танытуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда құқықтық сауаттылық пен қоғамдық бақылаудың да маңызы зор. Азаматтар өз құқықтарын білуге, заңсыз сыйақы беруден немесе алудан бас тартуға, күмәнді жағдайлар туралы тиісті органдарға заңды тәртіппен хабарлауға тиіс. Ал қоғамда адалдық, парасаттылық және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру жас ұрпақ тәрбиесінен басталады. Әрбір азаматтың заңды құрметтеуі, өз міндетін адал атқаруы және әділдік қағидаттарын ұстануы сыбайлас жемқорлықтың таралуына тосқауыл болады. Заң бұзушылыққа төзбеушілік таныту және қоғамдық жауапкершілікті арттыру арқылы ғана сенім мен өзара құрметке негізделген қоғам құруға болады. Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысы. Заң үстемдігі, ашықтық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын берік ұстану Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етеді. Әрбір азаматтың адал әрекеті – әділетті қоғамның қалыптасуына қосылған үлес. Адалдық – адамдықтың белгісі, заңға құрмет – өркениетті қоғамның негізі! Мақаланың құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы.
Абай облысы Үржар ауданының Қарақол ауылдық округіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымша Абай облысы Үржар ауданының Қарақол ауылдық округіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы Талдамалық анықтама І. Кіріспе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 19.10.2016 жылғы № 12 бұйрығы, "Абай облысы Үржар ауданының Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 16.10.2025 жылғы№36-1-нқбұйрығы негізінде 2026 жылдың I, II және III тоқсандары бойынша «Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы Қарақол ауылы, Азербаев көшесі №3, телефон: 8(72230) 5-5525. Қарақол ауылдық округінің әкімі Садаев Куанышбек Казыкенович. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Кноституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2022 жылғы 15 қыркүйекте бекітілген №425 «Абай облысы Үржар ауданы Қарақол ауылдық округунің Әкімінің аппараты» мемелкеттік мекемесі ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Бөлімніңқұрылымы: 6- мемлекеттік қызметшіден тұрады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау2026 жылдың 31 тамыз айынан 2026 жылдың 25 қыркүйек айына дейін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: 1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. ІІ. Сипаттама бөлігі 1. Сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау барасында Қарақол ауылдық округінің қызметін реттейтін нормативтік дискрециялық нормалар анықталған жоқ. 2. Әкім аппаратының ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Мемлкеттік мекеме сыбайлас жерқорлыққа тәуекелдерін, мекеменің қызметін қозғайтын құқықтық актілерле сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін өкілеттер мен нормалар анықталған жоқ. 2.1. Мүдделер қақтығысы реттеу бойынша: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс-қиымылтуралы» ҚР Заңының 14-бабы 1 -тармағына сәйкес талдау жүргізу барысында жұмысқа қабылданған қызметкерлерің мемлекеттік мекеме басышысының жақын туыстарды, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі жоқ. 2.2. Басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: Ауылдық округі бойынша сыбайлас жермқорлық құқықбұзуышылық жасағаны үшін аппараттың мемелкеттік қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тату фактілері жоқ. 2.3. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша: Әкім аппараты Ережесінде функционалдық міндеттеріне сәйкес рұқсат беру құзыреті жоқ. 3. Өткізілген мемлекеттік сатып алулар саны және өткізу тәсілі, олардық қорытындылары мен келісім шарттары және орындлау мерізімдері: Аппаратта бөлінген бюджет қаражаттары, өткізілген мемекеттік сатып алулар саны және өткізу тәсілі, олардың қорытындылары мен келісім шарттарыҚазастан Республикасының заңдары аясында жүргізіледі. 4. Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштері Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақытылы және толық қарастырылуын қамтамасыз ету. Олар бойынша шешім қабылдап заңмен белгіленген мерзімде өтініш иесіне жауап қайтару аппарттың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Келіп түскен өтініштер бойынаа Заң аясында белгіленген түсінік беріліп қажеттілік туындаған жағдайда құзыреттілік шеңберінде шаралар қолданылады. ІІІ. Қорытынды бөлім Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында тәуекелдер анықталған жоқ. Қарақол ауылдық округінің әкіміҚ.Садаев
Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-637/VIII «Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26желтоқсандағы№ 31-637/VIII «Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Үржар аудандық мәслихатыШЕШТІ: 1. Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26желтоқсандағы№31-637/VIII «Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын: 1. Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер – 166 050,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 13 301,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; арнаулы түсімдер - 0,0 мың теңге; трансферттер түсімдері–152 749,0 мың теңге; 2) шығындар –168 247,7 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге; соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет (профициті) тапшылығы – - 2 197,7 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – - 2 197,7 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 197,7 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын бос қалдықтары – 2 197,7 мың теңге. аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Үржар аудандық мәслихатының төрағасыА.Омаров Үржар аудандық мәслихатының 2026 жылғы ____ ________ №34-693/VIII шешіміне қосымша Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №31-637/VIII шешіміне 1 қосымша Үржар ауданыҚарақол ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті Санаты Барлық кірістер (мың теңге) Сыныбы Iшкi сыныбы Атауы 1 2 3 4 5 I. Кірістер 166 050,0 1 Салықтық түсімдер 13 301,0 01 Табыс салығы 4 492,0 2 Жеке табыс салығы 4 492,0 04 Меншiкке салынатын салықтар 6 341,0 1 Мүлiкке салынатын салықтар 126,0 3 Жер салығы 20,0 4 Көлiк құралдарына салынатын салық 5 775,0 5 Бірыңғай жер салығы 420,0 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар 2 468,0 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 2 468,0 2 Салықтық емес түсiмдер 0,0 06 Басқа да салықтық емес түсiмдер 0,0 1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 0,0 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0,0 01 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 0,0 1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілгенмемлекеттік мүлікті сату 0,0 4 Арнаулы түсімдер 0,0 01 Арнаулы түсімдер 0,0 1 Арнаулы түсімдер 0,0 5 Трансферттер түсімдері 152 749,0 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 152 749,0 Функционалдық топ Барлық шығындар(мың теңге) Кіші функция Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама Атауы 1 2 3 4 5 6 II. Шығындар 168 247,7 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 46 029,0 1 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 49 026,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 49 026,0 001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 48 826,0 022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 200,0 06 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 0,0 2 Әлеуметтiк көмек 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 003 Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету 0,0 9 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 026 Жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 0,0 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 7 405,0 3 Елді-мекендерді көркейту 7 405,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 7 405,0 008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 6 700,0 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 705,0 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 0,0 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 85,0 1 Мәдениет саласындағы қызмет 85,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 85,0 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау 85,0 12 Көлiк және коммуникация 2 180,0 1 Автомобиль көлiгi 2 180,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 2 180,0 013 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 2 180,0 13 Басқалар 109 550,0 9 Басқалар 109 550,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 109 550,0 057 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру 109 550,0 14 Борышқа қызмет көрсету 0,0 1 Борышқа қызмет көрсету 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 042 Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету 0,0 15 Трансферттер 1,7 1 Трансферттер 1,7 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 1,7 043 Бюджеттік алып коюлар 0,0 044 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару 0,0 048 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 1,7 051 Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 0,0 III. Таза бюджеттік кредиттеу 0,0 Бюджеттік кредиттер 0,0 6 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 01 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 1 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0 IV. Қаржы активтеріменоперациялар бойынша сальдо 0,0 Қаржы активтерін сатып алу 0,0 7 Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0,0 V. Бюджет тапшылығы (профициті) - 2 197,7 VI. Бюджеттің мұнайға қатыстыемес тапшылығы (профициті) - 2 197,7 VIІ. Бюджет тапшылығын каржыландыру(профицитін пайдалану) 2 197,7 Қарыздар түсімі 0,0 8 Қарыздар түсімдері 0,0 01 Мемлекеттік ішкі қарыздар 0,0 2 Қарыз алу келісім-шарттары 0,0 16 Қарыздарды өтеу 0,0 1 Қарыздарды өтеу 0,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0 054 Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен бөлінген нысыналы мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттерді қайтару 0,0 055 Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару 0,0 056 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу 0,0 9 Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары 2 197,7 01 Бюджет қаражаты қалдықтары 2 197,7 1 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 2 197,7
