Сұрақтар мен жауаптар — «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» РММ

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» РММ мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Өндірістік жарақат бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары қалай төленеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 133-бабының 4-1 тармағына сәйкес, қызметкерге еңбек жарақаты немесе кәсіби ауруға байланысты берілетін уақытша еңбекке жарамсыздық үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері орташа айлық жалақының жүз пайызын құрайды.Осыған орай, ҚР еңбек заңнамас...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыс басталар алдында қызметкерлерден алдын ала (смена алдындағы) медициналық сараптамадан өтуін талап ете ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 185-бабының 2-тармағына сәйкес, қауіптілігі жоғары жұмыстарда, сондай-ақ машиналар мен механизмдермен жұмыс істейтін қызметкерлер смена алдындағы медициналық тексерістен өтуі тиіс. Сменад алдындағы медициналық тексеруді талап ететін мама...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші еңбек шартын жасамаса не істеу керек

    Жауап

    Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты жасалмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап еңбек қатынасында деп есептелінеді. Осыған байланысты жұмыс берушіге де, жұмыскерге де жұмысқа нақты жіберілген күннен бастап еңбек шарты тараптарының құқ...

    Сұрақ

    Қанша айдан кейін еңбек демалысын алуға болады

    Жауап

    Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және одан кейінгі жылдары үшін жыл сайынғы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (91-бабтың 1-тармағы) Еңбек демалысы 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін беріледі, бірақ жұмыс берушінің келісімі...

    Сұрақ

    Сынақ мерзімі кезінде жұмыстан шығару заңды ма

    Жауап

    Сынақ мерзіміндегі жұмыстың теріс нәтижесі жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскердің келісімін ескермей еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады. Бұл негіз ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағы 5-тармақшасында) көзделген. Бұл ретте, сынақ мерзімі туралы шарт міндетті түрде еңбек шарт...