Сынақ мерзіміндегі жұмыстың теріс нәтижесі жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскердің келісімін ескермей еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады. Бұл негіз ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағы 5-тармақшасында) көзделген. Бұл ретте, сынақ мерзімі туралы шарт міндетті түрде еңбек шартында көрсетілуі керек. Егер еңбек шартында мұндай шарт енгізілмесе, ЕК-нің 36-бабына сәйкес, жұмыскер сынақ мерзімінсіз жұмысқа қабылданды деп есептеледі.
Сынақ мерзімінде жұмыстан шығару жұмыскердің де, жұмыс берушінің де бастамасы бойынша заңды. Алайда, Еңбек кодексіндегі талаптардың сақталуы міндетті болып табылады.
Бұл ретте, жұмыскер жұмыс берушіні 3 күн бұрын, ал жұмыс беруші жұмыскерді 7 күн бұрын жазбаша түрде себептерін көрсете отырып ескерту қажет.