Ерманов Талант Талғатұлы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы

    Ерманов Талант Талғатұлы
    Руководитель

    Ерманов Талант Талғатұлы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Т. Ерманов 1989 жылы туған. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және «Болашақ» университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының Кадр жұмысы бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша маман болып бастаған.

    Әр жылдары жергілікті атқарушы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Қызылорда облысы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болды және Сырдария ауданы әкімінің аппаратын басқарды.

    2022-2024 жылдары - Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы.

    2024 жылғы қарашадан 2026 жылғы қаңтарға дейін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Аумақтық жұмысты бақылау және үйлестіру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері