Садвакасова Гульжиян Сатылгановна

    Республикалық бюджет бойынша есеп беру басқармасының басшысы

    Садвакасова Гульжиян Сатылгановна
    Руководитель управления

    Садвакасова Гульжиян Сатылгановна

    Республикалық бюджет бойынша есеп беру басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің "Құрылыстағы экономика және басқару" мамандығы бойынша түлегі.

    Еңбек жолын 2001 жылы Ақмола облыстық қазынашылық басқармасында жергілікті бюджетке қызмет көрсету бөлімінің жетекші маман-жетекші қазынашысы лауазымында бастаған, 2002 жылы бас маман-бас қазынашы болып тағайындалды.

    2003 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне Бухгалтерлік есеп және бюджет бойынша есептілік басқармасының бас маманы- бас қазынашысы лауазымына ауыстырылды. 2007 жылы Жиынтық есептілік және Бас кітап басқармасының бөлім бастығы болып тағайындалды, 2008 жылы Республикалық бюджет бойынша есеп беру басқармасының бас сарапшысы – бас қазынашысы болып тағайындалды.

    2016 жылдан бастап Республикалық бюджет бойынша есеп беру басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Қазынашылық комитетінің, Қаржы министрлігінің құрмет грамоталарымен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен, "Қаржы қызметінің үздігі" төс белгісімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері