
Бейсенова Батима Кусаиновна
Өтімділік басқармасының басшысы
Өмірбаян
1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтады, «Экономист» біліктілігі берілді.
1990 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында Көкшетау облысы Ленинград аудандық қаржы бөлімі штат бойынша тексеруші-инпекторы;
1990 - 1997 жж. Көкшетау облысы Лениндік аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісінің м.а.;
1997- 1998 жж. СҚО Ақжар аудандық қаржы бөлімінің бюджеттік бөлімінің бастығы аудандық қаржы бөлімін меңгерушісінің орынбасарының м.а., бюджеттік бөлімінің бастығы аудандық қаржы бөлімін меңгерушісінің орынбасары;
1998 - 1999 жж. ҚР ҚМ Қазынашылық департаментінің қазынашысы, жетекші қазынашысы;
1999 - 2007 жж. ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің бас қазынашысы, бас маманы - бас қазынашысы, басқармасы бастығының орынбасары, басқармасының бастығы;
2007 - 2021 жж. ҚР ҚМ ҚК Астана қаласы бойынша Қазынашылық Департаменті бастығының орынбасары және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық Департаменті басшысының орынбасары;
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Төлем операциялары басқармасының басшысы болып қызмет атқарады.
Осы қызметтерді атқарған кезеңінде ҚР Қаржы министрдің мақтауы, Қаржы министрлігінің және Қазынашылық комитетінің Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасы қазынашылық қызметінің үздігі» және «Қазақстан Республикасы Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.
Мемлекеттік наградалар:
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі - 2005ж.;
«10 жыл Астана» мерекелік медалі - 2008 ж.;
«Қазақстанның Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі - 2011ж.;
«Қазақстанның Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі - 2016ж.;
«Құрмет» ордені – 2017 ж.;
«20 жыл Астана» мерекелік медалі - 2018 ж.



