
Демежанова Айнагуль Амангельдиновна
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
Демежанова Айнагуль Амангельдиновна 1978 жылы туған. 2000 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы университетін ветеринариялық медицина мамандығы бойынша бітірді, 2014 жылы Ветеринария ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды
ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ | ||
Күні |
лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері | |
қабылдау |
жұмыстан босату | |
01.12.2000 |
13.03.2006 |
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ветеринариялық гигиена және микробиология кафедрасының зертханашысы, Қостанай қ. |
14.03.2006 |
15.12.2011 |
"Әскерилендірілген темір жол күзеті" акционерлік қоғамы филиалының кадрлар бөлімінің маманы, Қостанай қ. |
04.01.2012 |
30.04.2012 |
Сарыкөл ауданы "Чехов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маман - мал дәрігері, Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округі |
02.05.2012 |
03.09.2012 |
Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, Қостанай қ. |
18.09.2012 |
08.06.2015 |
"Пром база 7" ЖШС персонал жөніндегі менеджері, Қостанай қ. |
09.06.2015 |
01.07.2017 |
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тамақ өнімдерінің және тасымалданатын объектілердің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы - мемлекеттік ветеринариялық дәрігер, Қостанай қ. |
01.07.2017 |
31.03.2022 |
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тамақ өнімдерінің және тасымалданатын объектілердің қауіпсіздігі бөлімінің бастығы - мемлекеттік ветеринариялық дәрігер, Қостанай қ. |
01.04.2022 |
н/уақыт бойынша |
басшының орынбасары - "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ мемлекеттік ветеринариялық дәрігері, Қостанай қ. |
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысының орынбасарыныңміндеттері
Кадрлық іс жүргізу, орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтер көрсету және мониторинг мәселелері бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асырады.
Айналысатын мәселелері:
адам мен жануарларға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғауды ұйымдастырады;
ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру, жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді жүргізуді ұйымдастырады;
Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу уйымдастырады;
жетекшілік ететін бөлімдердің құзыретіне сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруды және қаражатты игеруді ұйымдастырады.
Басқарма басшысы және жоғары тұрған органдар тапсырмаларының орындалу мерзімдеріне бақылауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.
Басқарма және бағыныстағы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы, сапалы көрсетуді ұйымдастырады.
Облыстық кеңестер өткізуді қамтамасыз етеді.
Облыстың ауыл шаруашылығында ветеринарияны дамытуға бағытталған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға жетекшілік етеді.
Мемлекеттік құпиялар саласындағы заңнаманы сақтау, құпия құжаттармен жұмыс жасау.
Жеке жәнезаңды тұлғалардың өтініштерін өзөкілеттіктері мен Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қарайды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы оған белгілі болған жағдайларда басшылыққа немесе құқық қорғау органдарына хабарлайды.
Кестеге сәйкес азаматтарға қабылдау жүргізеді.
Жетекшілік етеді:
әкімшілік бөліміне;
орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді; көрсету және мониторингі бөліміне.


