Акмамбаева Сауле Есымовна

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ішкі аудит қызметінің басшысы

    Акмамбаева Сауле Есымовна
    Руководитель управления

    Акмамбаева Сауле Есымовна

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ішкі аудит қызметінің басшысы

    Өмірбаян

    Білімі жоғары. С. Сейфулин атындағы Ақмола аграрлық университетін «АӨК экономикасы және менеджменті» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылдың қараша айында «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.

    Мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі 29 жылдан астам уақытты құрайды, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында 23 жылдан астам уақыт.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасында бас маман болып жұмыс істеді, кейіннен 2007 жылдан бастап Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Статистика агенттігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Байланыс және ақпарат агенттігі, Инвестициялар және даму министрлігінде бас сарапшы лауазымында жұмыс істеді.

    2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды, кейіннен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қайта тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері