
Аймаганбетов Жанабай Усембаевич
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" РММ басшысы
Өмірбаян
Аймаганбетов Жанабай Үсембайевич 1973 жылғы 8 наурызда дүниеге келген. Жоғары білімді: 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тәмамдаған. Мамандығы - тарих, қоғамтану және құқық пәндерінің мұғалімі, заңгер.
Еңбек жолын 1994 жылы бастап, білім беру саласында ұзақ жылдар еңбек етті. Әр жылдары Жаңаөзен қаласындағы №14 және №6 орта мектептерде мұғалім, қалалық педагогикалық технологиялар орталығында әдіскер қызметтерін атқарды. Кейін «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді, сондай-ақ №14 орта мектептің директоры қызметін атқарды.
2014-2020 жылдары Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде бас маман және бөлім басшысы ретінде қызмет атқарып, білім беру сапасын бақылау және лицензиялау бағыттарына жетекшілік етті.
2020-2021 жылдары Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарды.
2021-2026 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспециясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Мемлекеттік басқару, білім беру, әлеуметтік және спорт салаларында тәжірибесі мол.
