
Өмірбаян
Байгабулов Мұрат 1987 жылы 24 наурызда дүниеге келген.
Білімі жоғары. Мамандығы – қызмет көрсету (көлік),құқық (құқықтану), экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару). Еңбек жолын 2013 жылы «Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті Сарыағаш аудандық әділет басқарамасы» мемлекеттік мекемесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласының инспектор-тіркеушісі болып бастаған.
2014-2021 жылдар аралығында «Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің» бас маман-заңгері, «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесінің бас маманы, ұйымдастыру бөлімшесінің бас инспекторы, заң бөлімшесінің бас инспекторы, аудан әкімінің көмекшісі, Сарыағаш қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2024 жылдың наурыз айына дейін «Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің » басшысы қызметін атқарып келген.



