
Талипов Нұрполат Зайнилұлы
Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1964 жылдың 16 қаңтарында Келес ауданында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары
Еңбек жолын 1986-1987 жылдары №10 У.Юсупов атындағы мақта совхозында биография зерттеушісі, аға агроном болып бастаған. 1987-2019 жылдар аралығында Ленин атындағы совхозда жұмысшы, бригадир көмекшісі, сектор меңгерушісі, бөлім басқарушысы, Сарыағаш аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Сарыағаш мұнай базасының операторы, «Зайнил» шаруа қожалығының есепшісі, Сарыағаш аудандық салық бөлімінің салық инспекторы, сектор меңгерушісі, төраға орынбасары, Сарыағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, «ҚазГеодезия» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің қаржы экономика басқармасының бастығы, Сарыағаш ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Сарыағаш ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді. 2021 жылдың 29 сәуір айынан қазіргі таңға дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келуде.



