
Ахметова Айгүл Хазыбайқызы
Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1974 жылы 23 наурызда Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Херсонское ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық С.М.Киров атындағы университетін бітірді, 2007 жылы "Фемида"Заң Академиясы.
Еңбек жолын 1995 жылы Курган облысы, Сафақұлов ауданының, Сафақұл ауылы жер ресурстары және жерге орналастыру комитеті төрағасының орынбасары болып бастады.
1998 жылдан 2002 жылға дейін - "Ритм" ЖШС агроном-тұқым өсіруші, Солтүстік қазақстан облысы Ақжар ауданының Қызылту селосы.
2002 жылдан 2003 жылға дейін - "Севгеодезия"РМҚК геодезисі.
2003-2006 жылдары - Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2006-2008 жылдары - Ақмола облыстық аумақтық басқармасының жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы.
Негізгі функцияларымемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
- аудандық және қалалық сәулет және қала құрылысы органдарының қызметін үйлестіру, төменгі сәулет органдарына әдістемелік және оперативтік басшылық ету;
- «Мекен-жайлық тіркелім» мемлекеттік базасының деректерін толытыру бойынша жұмыстардың мониторингісін жүргізу;
- атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан (мүлік меншіктерінен) белгіленген тәртіпте негізгі міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді алу;
- ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру;
- жоғары органдарға есеп деректерін дайындау және аудан әкімдіктерінен ақпарат жинауды жүзеге асыру;
- қызметтік хат-хабарлармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу.


