
Фелбелт Владимир Куртьевич
Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Өмірбаян
1961 жылы 6 наурызда Көкшетау облысы, Келеров ауданы, Краснокаменка ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. 2009-2011 жылдары А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті.
Еңбек жолын 1978 жылы Келлеров ауданы Обуховка ауылындағы Обуховка сегіз жылдық мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1979 - 1984 жылдары -Целиноград ауылшаруашылық институтының сәулет факультетінің студенті, Целиноград қ.
1984 - 1988 жылдары - Рузаев ауданы, Рузаевка селосы, Рузаев аудандық атқарушы комитетінің Халық депутаттары кеңесі ауданының архитекторы, Рузаев ауданы
1988-1992 жылдары- Көкшетау ауданы, Красный яр селосы, Көкшетау аудандық комитетінің Халық депутаттары кеңесі ауданының архитекторы, Көкшетау ауданы
1992-1997 жылдары Көкшетау ауданы, Красный яр селосы, Көкшетау аудандық әкімшілігінің бас архитекторы, Көкшетау ауданы
1997 - 2003 жылдары - Сәулет және қала құрылысы басқармасы қала жанындағы жоба-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының архитекторы, Көкшетау қ.
2003-2005 жылдары - Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы, Көкшетау қ.
2005-2006 жылдары - Көкшетау қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет бөлімінің бастығы, Көкшетау қ.
2006 - 2007 жылдары - Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы, Көкшетау қ.
2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Ақмола облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, Көкшетау қ.


