
Гамазов Валерий Георгиевич
Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
1963 жылы 15 маусымда Көкшетау облысы Щучинск ауданының Донское ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдап, математика және физика мұғалімі мамандығына ие болды.
Еңбек жолын 1985 жылы Щучинск ауданы, Донской орта мектебінің математика мұғалімі, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы болып бастады.
1988 жылы Қазақстанның ЛКЖО Еңбекшілдер АК хатшысы, екінші хатшысы болып сайланды.
1991 жылдан Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданының коммуналдық меншікті басқару бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
1993 жылдан Мемлекеттік мүлік жөніндегі Көкшетау аумақтық комитетінің Еңбекшілдер ауданы бойынша секторының меңгерушісі.
1994 жылдан қалалық әкімшілік әкімі аппаратының басшысы, Щучинск қаласы әкімі аппаратының басшысы.
1997 жылдан 2015 жылдың 18 қазанына дейін Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы.
2015 жылдың 19 қазанынан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары
Мемлекеттік наградалары:
«ҚР Білім беру ісінің үздігі»;
2002 жыл – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;
2005жыл – «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі.


