Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы

    Ақмола облысы білім басқармасының басшысы

    Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
    Руководитель управления

    Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы

    Ақмола облысы білім басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева, 1972 жылы 4- қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Қарағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын –қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алды.

    2014 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде "Педагогика және психология" мамандығы бойынша білім алып, "Білім беру магистрі"дәрежесі берілді.

    Еңбек жолын 1994 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында Қарағаш орта мектебі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастады.

    1996-2018 жылдары Көкшетау қаласының № 6 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ сапаны бағалау жөніндегі әдіскері, Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы № 3 көп тілді оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының директоры болып жұмыс істеді.

    2018-2020 жылдары – Көкшетау қаласы, Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің директоры болды. 2020-2023 жылдары Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» ШЖҚ МКК басшысы болып жұмыс істеді.

    2023 жылғы сәуірден бастап Ақмола облыстық мәслихатының YІІІ шақыруының депутаты, әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы болып қызмет атқарды.

    Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі өкімімен Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева Ақмола облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері