Булеулиев Бахытхан Тулегенович

    Жаңақорған ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Булеулиев Бахытхан Тулегенович 1976 жылғы 5 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданының Отар ауылында дүниеге келген.

    1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2000 жылы Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші прокурор қызметінен бастаған.

    Әр жылдары прокуратура органдарында прокурор, аға прокурор, бөлім және басқарма басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық және жауапты қызметтер атқарған.

    2021–2025 жылдары Түркістан облысы Отырар ауданының прокуроры қызметін атқарған.

    2025 жылғы 9 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының прокуроры қызметін атқарып келеді.

    Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 25 жылдан астам.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері