
Бектурсынов Талгат Елеубаевич
Жалағаш ауданының прокуроры
Өмірбаян
Бектұрсынов Талғат Елеубайұлы 1974 жылғы 12 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1990–1996 жж. – Қызылорда политехникалық институты («экономика және бухгалтерлік есеп»); 1997–1999 жж. – Қазақ академиялық университеті («заңгер»).
Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жетекші маман қызметінен бастаған.
Әр жылдары Қызылорда облыстық әділет басқармасында аға есепші, Арал және Қазалы аудандары прокуратураларында көмекші және аға көмекші, Қызылорда облысы прокуратурасында бөлім прокуроры және көмекші, ҚР Бас прокуратурасында аға прокурор, Астана қаласы прокуратурасында басқарма бастығы, Ақмола облысы прокуратурасында басқарма прокуроры және басшы қызметтерін атқарған.
Соңғы жылдары Қызылорда облысы прокуратурасы мен Байқоңыр қаласы прокуратурасында қызмет атқарған.
2025 жылғы 21 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Жалағаш ауданының прокуроры қызметін атқаруда.





