Маханбетжанов Мейрамбек Жанбырбаевич

    Шиелі ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Маханбетжанов Мейрамбек Жанбырбайұлы 1984 жылғы 1 мамырда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.

    2004 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2005 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің бағдарламалық және автоматтандырылған қамтамасыз ету тобының прокуроры қызметінен бастаған.

    Әр жылдары прокурор, аға прокурор, Қызылорда облысының прокурорының аға көмекшісі, топ басшысы, сондай-ақ Қызылорда облысы прокуратурасы аппаратының басшысы – басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

    2020–2025 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауданының прокуроры қызметін атқарған.

    2025 жылғы 9 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысы Шиелі ауданының прокуроры қызметін атқарып келеді.

    Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 21 жылдан астам.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері