Шапдыкеев Максат Тулубаевич
Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ басшысы
Өмірбаян
Шапдыкеев Максат Тулубаевич 1985 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Токаревка кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2007 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. Мамандандыруы – «Қаржылық менеджмент», біліктілігі – қаржы бакалавры.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
09.08.2019 ж. – еңбек шарты негізінде 3-сыныптағы қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып қабылданды.
02.03.2020 ж. – еңбек шартына қосымша келісім негізінде 2-сыныптағы қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып ауыстырылды.
20.07.2020 ж. – 15.11.2021 ж. – «FORA TRADE ASIA» ЖШС филиалының бақылаушысы, Теміртау қаласы.
16.11.2021 ж. – 31.03.2023 ж. – «FORA TRADE ASIA» ЖШС филиалының аға бақылаушысы, Қарағанды қаласы.
03.04.2023 ж. – 14.07.2023 ж. – «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушы (арнайы міндетті тексеруден өткені туралы нәтижені алғанға дейін).
17.07.2023 ж. – 15.10.2023 ж. – «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы (үш ай сынақ мерзімімен).
16.10.2023 ж. – 25.07.2026 ж. – «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ экономика салаларын жоспарлау және дамыту секторының меңгерушісі (негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне дейін) – ауысу тәртібі бойынша.
26.07.2026 ж. бастап – «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы – ауысу тәртібі бойынша.




