Зұлхарнай Ғазиз Нұрланұлы

    Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Зұлхарнай Ғазиз Нұрланұлы
    Басшы

    Зұлхарнай Ғазиз Нұрланұлы

    Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Зұлхарнай Ғазиз Нұрланұлы 1988 жылғы 30 маусымда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде дүниеге келген.

    2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдады. 2013 жылы аталған жоғары оқу орнында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

    Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында бастады. Әр жылдары бағдарламашы-жүйетехник, кадрлар жөніндегі инспектор, бас маман және бас маманның міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды. Қызмет барысында стратегиялық жоспарлау, экономикалық талдау, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясатты іске асыру және инвестициялық жобаларды мониторингілеу бағыттарында жұмыс жүргізді.

    2014–2021 жылдары Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2021–2023 жылдары Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экономикалық теория, мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасында оқытушы және аға оқытушы болып еңбек етті.

    Кейінгі жылдары мемлекеттік қызмет пен әлеуметтік салада басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Атап айтқанда, Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары, Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығының директоры, сондай-ақ Теміртау қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    2026 жылғы 3 тамыздан бастап Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Жалпы еңбек өтілі – 14 жылдан астам, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 8 жылдан астам. Еңбек жолында өзін мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат, ақпараттық-талдау қызметі және қоғаммен өзара іс-қимыл салаларында тәжірибесі мол, жауапты әрі білікті басшы ретінде көрсете білді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері