
Бабажанова Раушан Бабажанқызы
«Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өмірбаян
1966 жылы 15 ақпанында Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987 жылы Әл Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын "кітапханашы - библиогроф" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапханашы қызметінен бастаған.
1992-1997 ж.ж. – І дәрежелі кітапханашы;
1997-2001 ж.ж. – жетекші кітапханашы;
2001-2009 ж.ж. – негізгі кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі;
2009-2014 ж.ж. – оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;
2014-2021 ж.ж. – А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директор орынбасары;
2021 жылдың қараша айынан бастап "Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы" КММ-нің директоры.




