
Өмірбаян
Жоғары, 2003-2009 жылдары М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде оқып, ауылшаруашылық өнімдерінің инженер-сарапшысы мамандығын алғам. 2009-2012 жылдары Рудный индустриалдық институты «Экономика» факультетінде оқыдым. Институт бітіргеннен кейін экономика бакалавры мамандығын алдым.
1983 жылғы 4 маусымында Қостанай облысы Лисаков қаласында дүниеге келдім.
Ұлты – қазақ.
Отбасы жағдайы – үйленгенмін, үш балам бар.
Еңбек жолы:
2010-2014 жылдары «Таран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маман болып жұмыс істедім.
2014 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың мамыр айына дейін Таран ауданы Таран ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істедім.
2017-2018 жылдары «Таран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істедім.
2018 жылдың шілде айынан бастап Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Тобыл» МКК энергетика инженері жұмыс істедім, ал 2021 жылдың маусым айынан бастап кәсіпорынның бас инженері болып жұмыс істеймін.
20.12.2023 ж. және осы күнге дейін - Новоильинов ауылдық округінің әкімі





