
Өмірбаян
Төлегенов Жағыпар Асанұлы - 1965 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1991 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтында «Зооинженер» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
1982-1983 ж.ж. - «Октябрь» совхозында жұмысшы;
1991-1992 ж.ж. – Қармақшы агроөндірістік бірлестігінде аға зоотехник, сауда және коммерциялық жұмыс жөнінде маманы;
1993-1996 ж.ж. - Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының жоспарлау, талдау жөніндегі бас маманы;
2003-2004 ж.ж. - №121 қазақ орта мектебінде жұмысшы;
2006-2007 ж.ж. - Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы;
2007-2010 ж.ж. - Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2010-2011 ж.ж. - Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы;
2011-2012 ж.ж. – «Қармақшыветсервис» ЖШС-де мал дәрігері;
2012-2015 ж.ж. - Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы;
2015-2016 ж.ж. - Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру секторының бас маманы;
2016-2017 ж.ж.- Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі;
2017-2018 ж.ж. - Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2018-2020 ж.ж. - Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі;
2020 жылдан бастап - Иіркөл ауылдық округінің әкімі.





