
Өмірбаян
Досмұратов Алмасхан Әріпханұлы 1986 жылдың 26 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. Мамандығы –заңгер.
2004-2008 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының заң институтында оқыған.
2008-2009 жылдары Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы;
2009-2015 жылдары Байқоңыр қаласы ішкі істер департаментінде учаскелік полиция инспекторы,тергеуші;
2017-2017 жылдары Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде статист;
2017-2018 жылдары Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бас маман;
2018-2020 жылдары Жосалы кенті әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
2020-2024 жылдары Жосалы кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарады.
2024 жылдан бастап Жосалы кенті әкімі қызметін атқарады.





