
Шағалтаева Айгүл Қошмұхамбетқызы
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Өмірбаян
Шағалтаева Айгүл Қошмұхамбетқызы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Туған күні: 1968 жыл 26 шілде.
Білімі
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, гигиенист- эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігер болып бастады;
1998 жылдан 2001 жылға дейін Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерущісі;
2001 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық басқармасының санитарлық -дәрігер ;
2003 жылдан 2005 жылға дейін Астана қаласы медициналық колледжісінің оқытушысы ;
2005 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрылыс және объектілерді қайта құру бөлімінің бас маманы ;
2007 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің емдеу профилактикалық объектілерге бақылау және дезинфекциялау, стерилизациялау іс-шараларын жүргізу бөлімінің бастығы ;
2014 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінің ішкі ауруханалар инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы ;
2017 - 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» басшының орынбасары.
2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары.
2024 жылдың 2 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.


