
Дощанова Замзагүл Сапарғалиқызы
Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдап, «дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» біліктілігін алған. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.
2020 жылы қосымша жоғары білім алып, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» білім беру бағдарламасы бойынша «Құқықтану» мамандығымен тәмамдап, «Құқық бакалавры» дәрежесіне ие болды.
Марапаттары:
- «Халық алғысы» медалі (2020 жыл);
- «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісі (2020 жыл);
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2025 жыл).
Еңбек жолын 1996 жылы Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында өндірістік гигиена бойынша санитариялық дәрігер болып бастап, кейін тамақтану гигиенасы бойынша санитариялық дәрігер қызметін атқарды.
2003–2007 жылдары Павлодар қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында тамақтану гигиенасы бойынша бас маман болып жұмыс істеді.
2007–2010 жылдары Павлодар облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, кейін осы бөлімнің бастығының міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.
2010–2014 жылдары Павлодар қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2014 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-нің тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2014 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-нің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2015 жылғы мамырдан қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Павлодар қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2015 жылғы қазаннан 2017 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-нің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, басқарудың автоматтандырылған жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2017 жылғы 8 қыркүйектен 2019 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылғы маусымнан 2020 жылғы 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ басшысының орынбасары болды.
2020 жылғы 16 сәуірден 10 мамырға дейін елдегі төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ басшысы болып тағайындалды.
2020 жылғы 11 мамырдан бастап, төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты, аталған департамент басшысы қызметінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды.
2020 жылғы 20 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.


