
Әлиев Батырбек Төлеубекұлы
Павлодар облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері. Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Өмірбаян
1997 жылы – Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясын «медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бойынша тәмамдады.
2005 жылы – Екібастұз қаласының Ак. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтын инженер мамандығы бойынша тәмамдады.
2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың «Мемлекеттік және жергілікті басқару» атты кәсіби оқу бағдарламасын толықтай меңгерді, мемлекеттік және жергілікті басқару МАГИСТРІ академиялық дәрежесі берілді.
1997 жылы еңбек жолын Екібастұз қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігер лауазымында бастады.
2002 жылғы 5 сәуірден бастап «Екібастұз қаласы әкімінің жанындағы құтқару қызметі» МКҚК-на құтқарушы ретінде штатқа қабылданды.
2002 жылғы 29 тамыздан бастап – құтқарушылар бөлімшесінің командирі болып ауысты.
2004 жылғы 17 тамыздан бастап конкурстық іріктеуден табысты түрде өтіп, Екібастұз қаласы әкімінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы лауазымына қабылданды
2004 жылғы 8 қазаннан бастап – коммуналдық объектілерді, сумен жабдықтау объектілерін қадағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2010 жылғы 6 қарашадан бастап – Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2018 жылғы 22 қазаннан бастап 2020 жылғы 3 маусымға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылғы 4 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау министрлігісанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысыныңсанитариялық-эпидемиологиялық бақылаудепартаментінің басшысы.
2020 жылғы 5 маусымнан бастап Павлодар облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды.


