
Өмірбаян
1979 жылы Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шоқтал ауылында дүниеге келген.
2000 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген;
2024 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылдан бастап Александровка орта мектебінің мұғалімі, директоры, Павлодар облысы Шарбақты ауданының санаторлық үлгідегі Шалдай мектеп-интернатының директоры, Жаңа-ауыл орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.
2013 жылдың 25 наурызынан Александровка ауылдық округінің әкімі.
2017 жылдың 1 тамызынан бастап "Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" КММ басшысы.
2021 жылғы 29 қазаннан бастап - аудан әкімінің әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары.
2023 жылғы 07 қарашадан бастап Шарбақты ауданы әкімі.


