
Руководитель
Шиналиев Байділда Сейділдаұлы
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Өмірбаян
- 1996 ж. - Алматы мемлекеттік медицина институты, санитария, гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша
- 2006 ж. - «Әулие-Ата» университеті, қаржы бакалавры мамандығы бойынша
- 2019 ж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша.
- 1996 жылдан 2003 жыл аралығында Жамбыл облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы санитарлық дәрігері;
- 2003 жылдан 2006 жыл аралығында Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының директоры болып тағайындалды;
- 2006 жылдың 10 шілдесінен 27 шілдесіне дейін Жамбыл облысы әкімиятының мемсанэпидқадағалау департаменті, ауруханаішілік инфекциялар, профилактикалық және ошақты дезинфекция бөлімінің бастығы;
- 2006 жылдан 2020 жылдары бірте-бірте – (ҚР ДСМ МСЭҚК Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті) басшы орынбасары, Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері;
- 2020 жылдан 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының бастығы;
- 2021 жылдың 22 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.


