
Жүнісов Нұрлан Әжімбекұлы
Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры
Өмірбаян
Жүнісов Нұрлан Әжімбекұлы 1982 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде дүниеге келдім. 1999 жылы №36 орта мектепті бітірді.
1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетіне түсіп, 2004 жылы бітірді. Қорқыт ата гидромелиорация мамандығы бойынша, инженер-гидротехник біліктілігі бойынша.
2007 жылы оқуға түсіп 2009 жылы бітірді. 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне түсіп, 2009 жылы бітіріп, экономика бакалавры біліктілігін алды. Университет жанындағы әскери кафедраны бітірген, атағы лейтенант.
Еңбек жолын 2005 жылдан бастап ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Северводстрой» РМК-да Қазақстан Республикасының шаруашылықтары маманы ретінде бастады. 2006 жылдан 2010 жылға дейін ҚР АШМ СРК «Қарағандыаводхоз» РМК инженер-гидротехник болып жұмыс істеді.
2006 жылдан 2010 жылға дейін – ҚР АШМ СРК Инвестициялар, қаржыландыру және ұйымдастыру - құқықтық жұмыс басқармасының жетекші маманы, сарапшысы.
2010 жылдан 2011 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Материалдық өндіріс саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, талдау, орындау және іске асырылуын бағалау департаментінің сарапшысы.
2011 жылдан 2012 жылға дейін ҚР АШМ СРК Су шаруашылығы обьектілері мен топтық су құбырларын пайдалану басқармасының сарапшысы. 2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР АШМ СРК топтық су құбырлары және ауыз сумен жабдықтау басқармасының бас сарапшысы.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қаржы департаментінің бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2014 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қаржы департаментінің бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары.

