Сейтқазина Наргиз Қанатқызы

    Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары

    Сейтқазина Наргиз Қанатқызы
    Заместитель руководителя управления

    Сейтқазина Наргиз Қанатқызы

    Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    2010 жылы Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектеп-лицейін бітіріп, сол жылы Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша бакалавриатқа түсті. 2015 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді.

    Еңбек жолын 2015 жылы «Павлодар облысының білім басқармасы» ММ орталықтандырылған бухгалтериясында экономист болып бастаған.

    2016-2017 жылдары - Павлодар облысы білім беру басқармасының экономика және жоспарлау бөлімінің бас маманы;

    2017-2019 жылдары - Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас маманы;

    2019 - 2021 жылдары - Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік басқару және әлеуметтік сала аудиті бөлімінің бас маманы - мемлекеттік аудиторы;

    2021-2023 жылдары - Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының № 1 аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы;

    2023-2025 жылдары – «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ жинақтау, экономикалық талдау және болжау бөлімінің басшысы;

    2025 жылғы желтоқсаннан бастап Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері