
Тюлюбаев Дамир Ержанұлы
Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірді: 2015 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2017 жылы «Экономика» мамандығы бойынша, 2019 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді.
Еңбек қызметін 2015 жылы «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ компьютерлік техника операторы болып бастады. 2016 жылы «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ жекешелендіру және мүліктік жалдау бөлімінің бас маманы болып мемлекеттік қызметке қабылданды.
2016-2019 жж. – Павлодар облысының қаржы басқармасы жекешелендіру және мүліктік жалдау бөлімінің бас маманы;
2019-2023 жж. – Павлодар облысының қаржы басқармасы мониторинг, есепке алу және мүлік қозғалысы бөлімінің басшысы;
2023 ж. бастап – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

