
Медеуова Айткүл Жұмағалиқызы
Ішкі саясат бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Білімі - жоғары. 1992 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетеін бітірген.
1992 жылдың тамыз айынан 2003 жылдың қыркүйек айына дейін Үмбетәлі атындағы орта мектеп, математика пәні мұғалімі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылы;
2003 жылдың қыркүйек айынан 2006 жылдың қыркүйек айына дейін Үмбетәлі атындағы орта мектеп, оқу ісі жөніндегі орынбасары Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2006 жылдың қыркүйек айынан 2006 жылдың қазан айының 12-не дейін Үмбетәлі атындағы орта мектеп, математика және информатика пәні мұғалімі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылы;
2006 жылдың қазан айының 12-нен 2006 жылдың желтоқсан айының 29-на дейін Жамбыл ауданының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2006 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың ақпан айына дейін Жамбыл ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2008 жылдың ақпан айынан 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы облыстық «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамының филиалы, инструктор, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2008 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың қаңтар айына дейін Үмбетәлі атындағы орта мектеп, тәрбие жөніндегі орынбасары, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылы;
2009 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Шолаққарғалы орта мектеп, мектеп директоры, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шолаққарғалы ауылы;
2014 жылдың қазан айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Ынтымақ ауылындағы орта мектеп, мектеп директоры Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылы;
2015 жылдың маусым айынан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін Қасымбек ауылындағы орта мектеп КММ, мектеп директоры, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылы;
2015 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың қыркүйек айына дейін Жамбыл ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі міндетін атқарушы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2016 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.





