
Өмірбаян
Баймағанбетов Болат Тұрматұлы -1977 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. Біліміжоғары. 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика және менеджмент, 2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің заңтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы секторының бас маманы болып бастаған.
2001-2004 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2004-2008 жылдары ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру –бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2008-2009 жылдары аудан әкімі аппаратының талдау және өңірлік бағдарламалар мониторинг бөлімінің бас маманы, 2009-2013 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы, 2014-2018 жылдары Алмалы ауылдық округінің әкімі, 2018 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шиелі кент әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.




