
Өмірбаян
Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы 1973 жылы 19 мусымда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туылған.. Білімі жоғары. 1995 жылы Қ.А Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік уаниверситетін «Еңбекке баулу және жалпы техникалық пәндерінің мұғалімі», 2006 жылы «Болашақ» университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Шиелі ауданындағы №11 кәсіптік техникалық училищеде мұғалім болып бастаған. 1996-1997 жылдары Шымкент қаласындағы «Землестрой» мекемесінде шебер, 1997-2003 жылдары Қызылорда қаласындағы «Транзит» ЖШС эксперт, Қызылорда облыстық «жол қауіпсіздігі» қорының Шиелі ауданындағы уәкілі. 2003-2007 жылдары Гигант ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, аудан әкімі аппаратының бас маманы. 2008-2009 жылдары Алматы қаласындағы «Кедентрансервис» АО шаруашылық техникалық бөлімінің маманы. 2009-2010 жылдары Шиелі кенті әкімінің көмекшісі. 2010-2017 жылдар аралығында Жуантөбе және Гигант ауылдық округтерінің әкімі. 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың қаңтары аралығы Шиелі аудандық пошта байланыс торабының бастығы қызметін атқарған. 2018 жылдың 18 маусымынан Ақтоған ауылдық округінің әкімінің міндетін уақытша атқаруда. Отбасылы.




