Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы

    Телікөл ауылдық округінің әкімі

    Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы
    Аким

    Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы

    Телікөл ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы 1970 жылы 25 қазанда Шиелі кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ.

    Білімі жоғары.Еңбек жолын 1988 жылы Шиелі ауданы локомотив депосында токарь болып бастаған.1988-1990 жылдары әскери борышын өтеген. 1996 жылы Қызылорда ауылшаруашылық колледжін бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау жөніндегі экономист мамандығын, 2005 жылы Қызылорда «Сейхун» академиясын экология және табиғатты пайдалану мамандығы бойынша бітірген. 1991-1996 жылдары локомотив депосында ІІ разрядты токарь, ІІ разрядты мұнай өнімдерін құюшы, 1996-1998 жылдары ДГП «Желдорснаб» мұнай өнімдерін құюшы, 1998-1999 жылдары ТЧ-34 Шиелі станциясында мұнай өнімдерін құюшы, 1999 жылдары Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасында инспектор, 1999-2000 жылдары «Шиелі» кеден бекетінің инспекторы болып жұмыс атқарған.2000-2001 жылдары «Шашақты» жылжымалы күзет бекетінде бас инспектор, 2001-2002 жылдары «Шашақты» жылжымалы күзет бекетінде инспектор, 2002-2012 жылдары «Шиелі» жылжымалы күзет бекетінде инспектор, 2012 жылы 4 мамыры мен 11 маусым аралығында Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, 2012 жылдың 11 маусымынан бастап, 3 қазанына дейін Шиелі кенті әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.2016 жылдың 13 қазанынан бастап Телікөл ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді. Отбасылы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері