Тайтанова Мадина Мұхитқызы

    Персоналды басқарудың қызметі бөлімінің басшысы

    Тайтанова Мадина Мұхитқызы
    Руководитель отдела

    Тайтанова Мадина Мұхитқызы

    Персоналды басқарудың қызметі бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Білімі - жоғары. 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

    2009 жылдың тамыз айынан 2010 сәуір айына дейін №68303 әскери бөлімінің радиотелеграфшысы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;

    2010 жылдың қыркүйек айынан 2011 жылдың ақпан айына дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдық мемлекеттік-құқықтық және кадрмен жұмыс бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушысы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;

    2011 жылдың ақпан айынан 2012 жылдың қазан айына дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдық мемлекеттік-құқықтық және кадрмен жұмыс бөлімінің жетекші маманы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;

    2012 жылдың қазан айынан 2012 желтоқсан айына дейін Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;

    2012 жылдың желтоқсан айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін Ақтерек селолық округі әкімі аппаратының бас маманы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылы;

    2016 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың қаңтар айына дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың қызметі бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;

    2019 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың қызметі бөлімінің басшысы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері