
Құлышев Ануар Қабдуәлиұлы
Біржан сал ауданының прокуроры
Өмірбаян
Құлышев Ануар Қабдуәлиұлы Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2015 жылы бастады. Әр жылдары Павлодар көлік прокуратурасының прокуроры, Павлодар көлік прокуратурасының аға прокуроры, Ақмола көлік прокуратурасының прокуроры, Бас көлік прокуратурасы аппаратының аға прокуроры, Бас көлік прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарды.
04.02.2025 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы прокуратурасының Біржан сал ауданының прокуроры қызметін атқарып келеді.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 11 жылдан астам.
Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.

