Маматов Кажденбек Өгізбайұлы

    Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі

    Маматов Кажденбек Өгізбайұлы
    Аким

    Маматов Кажденбек Өгізбайұлы

    Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Маматов Кажденбек Өгізбайұлы 1964 жылы қыркүйек айының 4-і күні Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. 1971 жылы №41 орта мектепке бірінші сыныпқа қабылданды. 1981 жылы осы мектепті бітіріп шығып, сол жылы Қызылту ордені Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған қаласындағы бөлімшесінің кешкі оқу бөліміне инженер - механик мамандығы бойынша түсті, 1983-1985 жылдар аралығында Совет армиясы қатарында Отан алдындағы борышын өтеді, 1989 жылы Қызылту ордені Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған қаласындағы бөлімшесінің кешкі оқу бөлімін инженер - механик мамандығы бойынша бітірген

    Еңбек жолын 1989-1991 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы көлік жөндеу орталығында слесарь, бригадир, шебер болып бастаған. 1994 жылы Құмкөл көлік басқармасында механик, 2000-2005 жылдары аралығында Қызылорда жылу орталығында аға механик, 2008-2010 жылдары аралығында «Қызылордасантехмонтаж» ЖШС-де бөлім бастығы, 2010-2014 жылдары «Қызылордасантехмонтаж» ЖШС-нің директоры, 2014 жылдан бастап Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері