Смиев Алмас Сәбитұлы

    Тарбағатай ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Үржар ауданында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау прокуроры болып бастаған. Осы жылдары аудан прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры және аға прокуроры қызметтерін атқарды.


    2019-2026 жылдары Күршім ауданы прокурорының орынбасары, Зайсан ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарып келді.

    Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.

    2026 жылдың ақпанынан бастап Тарбағатай ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері