Акулов Александр Александрович

    Алтай ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Акулов А.А. 1978 жылы дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

    Әр жылдары Зырян ауданы прокурорының көмекшісі, әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілері мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының табиғат қорғау заңнамасының қолданылу заңдылығын қадағалау тобының облыс прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, сондай-ақ Шемонаиха ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

    2019 жылдан 2022 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының прокуроры, 2022 жылдан 2026 жылға дейін Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметін атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері