Жүсіп Ерболат Еркінұлы

    Ақмола облысы прокурорының орынбасары

    Жүсіп Ерболат Еркінұлы
    Прокурор орынбасары

    Жүсіп Ерболат Еркінұлы

    Ақмола облысы прокурорының орынбасары

    Өмірбаян

    Ерболат Еркінұлы Жүсіп 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

    Қазақ мемлекеттік заң академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

    Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастады, әр кезеңде Ақмола облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлім прокуроры, Ақмола облысының және Бас көлік прокуратурасының басқарма бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлихан ауданының прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының Аппарат басшысы лауазымдарын атқарды.

    Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 24 жылдан астам.

    Соңғы лауазымы – Ақмола облысы Қосшы қаласының прокуроры.

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылдың 3 қазанындағы бұйрығымен Ақмола облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Сыныптық шен – аға әділет кеңесшісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері