
Құттықов Руфат Бауыржанұлы
Ақмола облысының прокуроры
Өмірбаян
Құттықов Руфат Бауыржанұлы - 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік заң академиясының "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.
Р.Б. Құттықов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Р.Б. Құттықов еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуроры, Атырау облысы Атырау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.
Соңғы лауазымы - Маңғыстау облысының прокуроры.
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Жалпы қызмет өтілі - 29 жылдан астам.
Сыныптық шен - 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі


