
Шаймарданов Азамат Шәкіртұлы
Күршім ауданының прокуроры
Өмірбаян
Шаймарданов А.Ш. 1986 жылы туған. "Құқықтану" мамандығы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы прокурор көмекшісінің міндетін атқарушы, кейін Семей қаласы прокурорының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және сотта мемлекеттік айыптауды қолдау жөніндегі көмекшісі қызметінен бастады .
Өскемен қаласы прокурорының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінің көмекшісі, басқарма прокуроры, басқарма бастығының орынбасары, мемлекеттік айыптауды қолдау және Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы, Зайсан ауданының прокуроры лауазымдарын дәйекті түрде атқарды.
2026 жылғы қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының прокуроры





