
Коваленко Светлана Ивановна
«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
1970 жылы 6 қаңтарда Қостанай облысы, Комсомол ауданы, Комсомол кентінде туған. 1991 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Осы лауазымға тағайындалған күні 04.12.2018
Еңбек жолын 1993 жылы Комсомол кентінде Халықты әлеуметтік қорғау Комсомол аудандық басқармасының маманы ретінде бастады, 1995 жылы осы басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалды.
1997 жылдың сәуірінен бастап 1998 жылдың сәуіріне дейін «Комсомольский» тұтыну кооперативінде экономист, 1998 жылдың сәуірінен бастап Қарабалық ауданы әкімі аппаратының аудандық экономика басқармасының бас маманы, 2001 жылдың ақпан айынан бастап экономика бөлімінің бастығы, 2003 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың маусым айына дейін «Мрия» шаруа қожалығының бас бухгалтері, 2007 жылдың маусым айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін «Қарабалық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бастығының орынбасары, 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап 2009 жылдың наурыз айына дейін «Қарабалық ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығы болып жұмыс істейді.
2009 жылдың наурыз айынан 2015 жылдың наурыз айына дейін Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2015 жылдың мамыр айынан бастап «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыспен қамту бөлімінің басшысы болып табылады.
