
Тойшыбеков Ілияс Пірмаханұлы
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының прокуроры
Өмірбаян
Туған жері: Жамбыл облысы
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Қызмет кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 мамырдағы №23453 Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар І дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен (2008 ж.), І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен (2019 ж.), «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2022 ж.), «Прокуратура ардагері» медалімен (2022 ж.) наградталған. 2024 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген.
- 1996–2000 жылдары Жамбыл облысы Жаңатас қаласы прокурорының көмекшісі, кейін Сарысу аудандық прокурорының көмекшісі.
- 2000–2004 жылдары Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры және басқарманың аға прокуроры.
- 2004–2009 жылдары Жуалы ауданы прокурорының орынбасары.
- 2009 жылы Шу ауданаралық прокурорының орынбасары.
- 2009–2012 жылдары Жамбыл облысы прокуратурасы басқармасының бастығы.
- 2012–2015 жылдары Жамбыл облысының Шу ауданаралық прокуроры.
- 2015–2020 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданының прокуроры.
- 2020–2023 жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының прокуроры.
- 2023–2026 жылдары Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуроры.
- 2026 жылғы 3 тамыздан бастап Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының прокуроры.





