
Алдабергенов Думан Алдабергенұлы
Жамбыл облысы Меркі ауданының прокуроры
Өмірбаян
Туған күні: 20.02.1981ж.
Туған жері: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылы.
Білімі, мамандығы (біліктілігі): Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Құқықтану» мамандығы, біліктілігі-заңгер (Алматы қ., 2002 ж., қазіргі атауы - Maqsut Narikbayev University).
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі. Қызмет кезеңінде “I дәрежелі Прокуратура үздігі», «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, I, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.
• 2002–2006 жж. - Жамбыл облысының Жамбыл ауданы және Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымдарында қызмет атқарған;
• 2006–2011 жж. - Жамбыл облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімі мен басқармасында прокурор және аға прокурор лауазымдарында қызмет атқарған;
• 2011–2020 жж. - Сарысу, Жуалы және Талас аудандары прокурорларының орынбасары, сондай-ақ Шу ауданаралық прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған;
• 2020–2021 жж. - Жамбыл облысы прокурорының халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі аға көмекшісі;
• 2021–2024 жж. - Жамбыл облысы Сарысу ауданының прокуроры;
• 2024 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы Меркі ауданының прокуроры.





