
Ахетов Мамай Қаниұлы
Алматы қаласы әкімі аппараты Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Ахетов Мамай Қаниұлы 1967 жылы 26 қыркүйекте дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін филолог, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Қызылорда облысы Жаңақала совхозында бастаған. 1986-1988 жылдары Архангельск қаласында Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
1988-1990 жылдары Қызылорда облысының №241 орта мектебінде музыкалық жетекші болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 1999 жылға дейін университетті бітіргеннен кейін ҚазМЗИ оқытушысы болып жұмыс істеді.
1999-2005 жылдары М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болды.
2005-2007 жылдары - Алматы қаласы Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. Содан кейін 2007 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары болды. 2007-2009 жылдары Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің бастығы.
2009-2010 жылдары – «Тіл» КМК директоры.
2010-2017 жылдары - Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы бастығының міндетін атқарушысы / бастығы. 2013-2017 жылдары-Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы.
2017 жылдан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі болып жұмыс істейді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2014).