Қабидуллаев Амангелді Файзуллаұлы 1985 жылы 24 мамырда Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2010 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарында еңбек жолын 2012 жылы Қостанай облысы Рудный қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Әр жылдары Рудный қаласы прокурорының аға көмекшісі, Рудный қалалық прокуратурасының аға прокуроры (2013-2017), Қостанай облысы Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры (2017-2024), 2024 жылғы 4 қарашадан бастап Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі-12 жылдан астам.
Сынып дәрежесі - әділет кеңесшісі.